Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arys-zhurba.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Мұстафа Мария  Мұзапбарқызы

 

Лауазымы: И.Журба  атындағы  жалпы  орта  білім беретін мектептің  директоры

Жалпы еңбек өтілі:  педагогикалық еңбек өтілі  24,10 жыл

Басшының орынбасары ретіндегі еңбек өтілі: 23 жыл

Лауазымдарға тағайындалған күндері: 

Мектеп  директоры : 30.03.2022ж   №  50  бұйрық

Мектеп  директорының міндетін уақытша  атқарушы :10.01.2022ж №13 бұйрық

Директордың  оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары: 02.09.1999 жыл. №14 бұйрық

 

 Туған жылы: Мұстафа Мария  Мұзапбарқызы 1972 жылы 10 қаңтарда                     

Оңтүстік  Қазақстан облысы  Арыс қаласында дүниеге  келген.

1989 жылы Арыс қаласындағы Ә.Жангелдин  атындағы  жалпы  орта  мектебінің табалдырығын  аттап, 1989  жылы  10  сыныпты  бітіріп  шықты.

 

Білімі: 1990-1995 жылдары Алматы қаласында Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының  физика  және  математика пәнінің мұғалімі  мамандығы бойынша мамандық алып  бітірген.

 

Жалпы педагогикалық еңбек өтілі : 24,10 жыл.  

 

Санаты: Математика пәні   бойынша педагог-зерттеуші санат.

 

 Еңбек жолы:

1997 жылы   Арыс  қаласындағы  С.Сейфуллин  атындағы  жалпы  орта  мектебінде  математика  пәнінің  мұғалімі болып  бастаған.

1999жылы 02 қыркүйектен 2022 жылдың 09 қаңтарға дейін     И.Журба  атындағы  жалпы  орта  білім  беретін мектептің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2022жылы 10 қаңтар мен 2022 жылдың  29 наурыз аралығында  И.Журба  атындағы  жалпы  орта  мектептің  директорының  міндетін  уақытша  атқарушы  лауазымын  атқарды.

2022 жылдың 30  наурызда Арыс қаласының  адами әлеуетті  дамыту  бөлімінің  №  50  бұйрығымен И.Журба  атындағы  жалпы орта білім беретін мектептің  директоры  лауазымына  тағайындалды.

 

Отбасылы:

Сүйіндіков Молдабай -жолдасы, педагог болып жұмыс жасайды.

3 қыз , 1 ұлы бар

 

Білім  көтеру  курстары::

2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог  кадрларының біліктілігін  арттырудың «Педагогикалық қоғамдастықтағы  мұғалім көшбасшылығы»  білім беру  бағдарламасы  бойынша  344 академиялық  сағат  көлемінде   Шымкент  қалалық филиалында біліктілікті арттыру курсынан өткен.

2021 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілік  арттыру ұлттық  орталығы акционерлік  қоғамының   

«Қашықтықтан басқару,білім берудегі  цифрландыру  жағдайында  оқу үдерісін  тиімді  басқару  және  конструктивті  жоспарлаудың  негізі  ретінде» бойынша  80  академиялық  сағат  көлемінде біліктілігін арттыру курсынан өтті.

2021жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Республикалық ғылыми-әдістемелік  және  педагогикалық біліктілік арттыру »   орталығынан  «  Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында жаратылыстану- математика бағытындағы  пәндерді тиімді  оқыту» бойынша  80  академиялық  сағат  көлемінде біліктілігін арттыру курсынан өтті.

2021жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Республикалық ғылыми-әдістемелік  және  педагогикалық біліктілік арттыру »   орталығынан  «  Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы педагогикалық менеджмент  және оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалаудың  тұжырымдамалық  ерекшеліктері» бойынша  72  академиялық  сағат  көлемінде біліктілігін арттыру курсынан өтті.

 

2022жылы

Кәсіби  жетістіктері (соңғы 3 жылдағы):

2019жылы  Аудандық  пән  олимпиадасында  математика  пәні  бойынша  ІІІ орын 9 сынып  оқушысы Пашан  Қаламқас марапатталды.

2019жылы  Республикалық  математикалық- зияткерлік  «Самұрық» сайысында 

6 сынып  оқушысы  Қошқар  Ердаулет  ІІ  орынмен марапатталды

2019жылы «NIO.KZ» интернет олимпиадасында І орынмен Салидат Исақ марапатталды.

2021ж республикалық  «Бәйтерек» зияткерлік олимпиадасында ІІІ орын

8 сынып оқушысы  Исахан  Еркеназ марапатталды.

2021ж республикалық  «Бәйтерек» зияткерлік олимпиадасында ІІІ орын

8 сынып оқушысы  Байбалаева Назерке марапатталды.

2020 жылы  Әл-Фараби  атындағы  халықаралық  олимпиадаға 11 сынып  оқушысы Ашен  Балауса  қатысып  ІІ орынмен марапатталды

2020жылы аудандық  пән  олимпиадасында  ағылшын тілінен 10- сынып оқушысы Қасымбек Ақнұр ІІІ- орынмен марапатталды.

2021ж Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайтындағы «КИО» қашықтық  олимпиадасында  6 сынып оқушысы  Марғұлан  Абылжан ІІ  орын алды.

Алған марапаттары (Мемлекеттік органдардан алған Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары)

2019 жылы  Облыстық білім басқармасының  «Құрмет  грамотасы»

2019 жылы «НұрОтан» партиясы  Арыс қалалық филиалының «Ұстаздар» күні мерекесіне орай  Алғыс хатымен марапатталды.

2019жылы «NIO.KZ» интернет олимпиадасында ІІІ орынмен  марапатталды.

2021жылы  Арыс қалалық кәсіподақ  комитетінің  «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2021 жылы Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.