Арыс қалалық «Адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «И.Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік –экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады және оны айқындай түседі. Ал қазақ мектебінің бүгіні мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға және қоғам қауымдастығына жүргізілген жұмыстарға, ізденіске байланысты. Мектептің тарихына қысқаша тоқталып өтсек. Мектеп 1965 жылы А.Жданов атындағы сегіз жылдық орыс мектебі болып ашылды. Мектепке 1989 жылы наурыз айының 28- жұлдызында Арыс қалалық атқару комитетінің ұйғарымы бойынша біздің жерлесіміз, балалар үйінде тәрбие алған Кеңес Одағының батыры Иван Макарович Журба есімі берілді.
ХХІ ғасыр – ақпараттық құндылықтар мен технологиялардың ғасыр және осы құндылықтар мен адамдар арасындағы тығыз байланыстың көрінісі, осы негізге сүйенсек, білім – адам және ақпарат қорын қалыптастырудағы негізгі көрсеткіші болып табылады. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 жер туралы кодексінің 18,34,43,107 баптары негізінде Арыс қалалық білім бөлімінің қала әкіміне жазған 2011 жылғы 15 сәуірдегі №532 хатына сәйкес қалалық жер бөлу комиссиясының қорытындысымен «Көктем-2» тұрғын ауданынан жалпы орта мектеп құрылысын салу үшін аумағы 2,5 га. жер учаскесі тұрақты пайдалануға берілді. Тұрғындары мен жасөспірімдердің қуанышына орай мөлтек ауданнан жаңа үлгідегі сыйымдылығы -300 орындық жалпы орта мектеп бойы көтеріліп қолданысқа берілді.
Мектеп 2019 жылдың 24 маусымдағы әскери бөлімдегі орын алған техногендік жағдайға байланысты қайта күрделі жөндеуден өтті. Мектепті қалпына келтіріп күрделі жөндеу жұмыстарын « Самұрық қазына» ұлттық компаниясы іске асырды. Аталған ұлттық компания 2019 жылдың 1- қыркүйегінде күрделі жөндеу жұмыстарын толық аяқтап мектепті материалдық – техникалық жағынан жабдықтады.
«Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі» дегендей, бүгінгідей ел болашағы – жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды. Мұғалімдердің ішінде аянбай қызмет етіп келе жатқан бірнеше ұстаздарды атап өткім келеді,
2021 – 2022 оқу жылында жалпы оқушысы 911 оқушы оқушы білім алуда. Сынып комплектісі-33.
І - ауысымда 437 оқушы, ІІ-ауысымда 474 оқушы
Мектеп алды даярлық тобындағы оқушы саны – 70. Сынып комплектісі- 3
Оқу үздігі -143, екпінді оқушы саны – 240
2021 - 2022 оқу жылында 92 мұғалім қызмет етеді. Барлығы жоғары білімді. Соның ішінде 74 мұғалім санатталған педагог-модератор 32 мұғалім, педагог-сарапшы 20 мұғалім, педагог-зерттеуші 22 мұғалім Санатсыз – 18мұғалім бар.
2022 – 2023 оқу жылында жалпы оқушысы 990 оқушы оқушы білім алуда. Сынып комплектісі-41.
І - ауысымда 461 оқушы, ІІ-ауысымда 529 оқушы
Мектеп алды даярлық тобындағы оқушы саны – 62. Сынып комплектісі- 3
2022 - 2023 оқу жылында 96 мұғалім қызмет етеді. Барлығы жоғары білімді. Соның ішінде 76 мұғалім санатталған педагог-модератор 34 мұғалім, педагог-сарапшы 20 мұғалім, педагог-зерттеуші 22 мұғалім Санатсыз – 20 мұғалім бар.
2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының жеткен жетістіктері
9 – сынып оқушысы Әзірет Құдірет 2022 жыл ақпан айында облыстық «Sport Fest» әскери қолданбалы сайыс «Барыс » командасы 2 – орын алды.
9 – сынып оқушысы Әзірет Құдірет 2022 жыл мамыр Республикалық «Sport Fest» әскери қолданбалы сайыс Түркістан облысы атынан «Жас десант» командасы 2 – орын
Республикалық, облыстық олимпиада, байқаулар «Ой-сана», «Бәйтерек», «Алтын қыран», «Бастау», «Кенгуру математика барлығы үшін» «Самұрық» және тағы басқа байқауларға оқушылар қатысып І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды.
2021-2022 оқу жылында мектеп ұстаздарының жеткен жетістіктері
Қалмұрза Ұлбосын бастауыш сынып мұғалімі Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай облыстық бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Кел, балалар оқылық» байқауында жүлделі ІІ орын.
Байжанысова Лаура бастауыш сынып мұғалімі «Облыстық мұғалімдер олимпиадасы » ІІ дәрежелі диплом
Дүйсенбаева Гүлзейнеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Үлгілі ұстаз – 2021ж » бас жүлде. «Сатираның Саңлағы 2022 ж» атты аудандық байқау бас жүлде.
2022-2023 оқу жылында мектеп оқушыларының жеткен жетістіктері
2022-2023 оқу жылында мектеп ұстаздарының жеткен жетістіктері
Мұстафа Мариям мектеп директоры Облыстық кәсіподақ төс белгісі.
Тажиева Гүлжан химия пәнінің мұғалімі Қалалық пән мұғалімдер олимпиадасына химия пәнінен қатысып ІІІ орын.